Мұсылмандардың тегін емханасы жылына 4500-5000 адамға қызмет көрсетеді
Мұсылмандардың тегін емханасы жылына 4500-5000 адамға  қызмет көрсетеді
3 жыл бұрын 1188 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Matt Martinez/NNS

Міне, жиырма жылдай уақыт болып қалыпты – Фази Ахметтің жертөлесіндегі шағын сервистік орталық ретінде жұмысын бастаған тегін емхана аз мерзім ішінде наным-сенімі мен ұлтына және нәсіліне қарамастан мыңдаған америкалық тұрғындарға қызмет етіп келе жатқанына. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада АҚШ-тың Милоуки аумағындағы 2004 жылы ашылған орталық турасында сөз болып отыр. Ең алдымен жергілікті мұқтаж мұсылмандардың клиникалық қажеттілігін өтеу үшін ашылған медициналық орталық болатын. 2008 жылы аталмыш орталық көрші мектептен қосымша бөлмелер жалдайды. Ал 2015 жылы аптасына алты күн қатарынан қызмет көрсетуге  көшеді. Клиниканың ота жасау бөлімінің директоры Арман Тақырдың келтірген дерегіне қарағанда, жылына 4500-5000 адамға дейін қызмет көрсететін орталықта психиатриялық, т.б. көмек көрсетіледі, бұдан бөлек, босқындарға арналған ресурс орталық жұмыс істейді. Әлемнің әр түкпірінен босып келгендерге аталған орталықта 12 тілде қызмет көрсетіледі.

0 пікір
Мұрағат