Мұсылмандардың құқығы жиі бұзылатын елдер аталды
Мұсылмандардың құқығы жиі бұзылатын елдер аталды
4 жыл бұрын 3093 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Кеше, яғни, желтоқсан айының 21-і күні өткен Ресей мұсылмандарының діни мәжілісі мен Ресейдің наным-сенім бостандығын қорғау қауымдастығының баспасөз мәслихатында жұртшылықтың назарына ұсынылған «Ресей Федерациясындағы мұсылмандар құқығының сақталуына қатысты ахуал туралы» баяндамада күллі әлемдегі мұсылмандардың құқықтық жағдайына шолу жасалған екен. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш баяндамада келтірілген дерекке қарағанда, АҚШ-та, Еуропада, Үндістанда, Мьянмада, Қытайда, Ауғанстанда және Таяу Шығыстың бірқатар елінде мұсылмандар құқығы жиі бұзылады. Әлемдегі мұсылмандар құқығының аяқ асты болуын үш негізгі топ бойынша жіктеген екен: біріншісі - күш қолдану арқылы зорлық-зомдылық көрсету, қысым жасау; екіншісі – мемлекет тарапынан, дәлірегі, билік тарапынан кемсітушілікке ұшырау; үшіншісінде «ұлтшылдық пен секулярлық құндылықтардың кеңінен таралуы негізінде орын алатын исламофобия» бойынша жіктелген. Мәселен, Үндістанда ұлтшылдық радикализммен ұштасып, нәтижесінде мұсылмандар қуғын-сүргін көруде. Ал АҚШ пен кәрі құрлықта діни белгісі бойынша алалау, ұлтшылдық идеясы және діни құндылықтарға қарсы ахуалдың қалыптасуынан мұсылмандар жәбір көруде. Яғни, мұсылмандарға қарсы түрлі саяси науқандар мен шаралар толеранттылықтың сақталмауынан орын алып жатады.

0 пікір
Мұрағат