Мұсылмандардың көз жасы жібермеді... (видео)
|
Таяуда әлеуметтік желі мен әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында Мьянмадағы алтын жалатылған тұтас пұтхананың дүйім жұртың көзі алдында суға кеткені жарияланған еді. Аталған пұтхананың су астына кетуіне мыңдаған адамның өміріне қауіп төндірген сел мен тасқын себеп болды. Әлеуметтік желі қолданушылары пұтхананың су астына кетуінің себебін тек тасқыннан көрмей, осы елдегі азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандардың көз жасынан көріп отыр. Естеріңізге сала кетейік, рохиньялық мұсылмандар тек осы елдегі ғана емес, әлемдегі ең қуғын-сүргінгі ұшыраған азшылықты құрайтын мұсылман ұлыстарының бірі. Будда радикалдары тарапынан ұдайы теперіш көріп келеді. 2012 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша зорлық-зомбылықтан 120 мыңға тарта рохиньялық мұсылман туған жерінен көрші елдерге бас сауғалаған. Рохиньялық мұсылмандар өз атамекенінде отырса да оларға азаматтық берілмеген. Аталған елдің батысында орын тепкен Ракхайн штаты рохиньялық мұсылмандардың отаны.