Мұсылмандардың амандығы үшін 9 министр өздерін құрбан етті
Мұсылмандардың амандығы үшін 9 министр өздерін құрбан етті
5 жыл бұрын 2991 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шри-Ланка үкіметінің құрамында жұмыс істейтін 9 министр (олардың барлығы мұсылман) аталған елдегі  отставкіге кеткен екі мұсылман губернатордан үлгі алып, будда радикалдарының қысым көрсетуіне байланысты қызметтерінен өз еркімен кетті. Орындарын босатпаған жағдайда будда радикалдары осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылмандарға қарсы өшпенділікті өршітіп, қуғын-сүргінге салатынын айтып, доқ көрсеткен болатын. Шри-Ланкідегі аса ықпалды әрі беделді будда монахы Атхуралие Ратхана билік басындағы мұсылмандар қызметінен кетпейінші нәр сызбайтынын айтып, аштық жариялаған болатын. Бұл жайында New York Times ақпарат көзі хабар таратты. Қалаларды дамыту әрі сумен қамтамасыз ету жөніндегі аталған елдің министрі болып қызмет еткен Рауф Хакім мұндай қадамға елдегі онсыз да азшылықты құрайтын діндес бауырларының бас амандығын ойлап барғанын жеткізді. Атхуралие Ратхана аштық акциясын доғарды.

0 пікір
Мұрағат