Мұсылмандарды қорқытқаны үшін ерекше жаза кесілді
|
АҚШ-тың Миннесота штатының Нэнси Нобл есімді 49 жастағы тұрғынының үстінен қолына қару алып, мұсылмандарды қорқытқаны үшін қылмыстық іс қозғалған болатын. Тарқатып айтқанда, өткен жылдың мамыр айында Мәжит және Әдлі Әбумайали есімді мұсылман ерлі зайыптылар достарының үйінде қонақ болған ұлдарын алып кету үшін келгенде досына көрші тұратын Нэнси оларды террористке балап, қолындағы қаруымен мұсылмандар отырған көліктің жанына жетіп келген. Осы істі қараған сот төралқасы исламофоб әйелді 45 күнге бас бостандығынан айырып қана қоймай, тағы үш жыл шартты түрде жаза кесті. Сондай-ақ, оны ислам негіздерін оқытатын курстен өтуге міндеттеді. Мәжбүрле түрде. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Raw Story» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.