Мұсылмандарды йогамен айналысуға мәжбүрлеуде
|
Үндістандағы мұсылмандар ұйымы мен мұсылман жамағатының жетекшілері негізінен ұлттық партия өкілдері көптеп тартылған ел билігінің мұсылмандарды Халықаралық йога күніне орай «Ом» деп айтуға міндеттеген жарлығын сынға алды. Асыл дінімізге қайшы, пұтқа табынуды еске түсіретін дәстүрді мұсылмандарға күштеп таңбақ болғаны үшін. Маусым айында осымен екінші жыл қатарынан бүкіл Үндістанда йоганың халықаралық күні аталып өтеді. Премьер-министр Нарендра Моди йоганың бүкіл ел аумағында кеңінен таралуына әрі насихатталуына мүдделілік танытып отыр. Ол ол ма, мектеп қабырғаларында міндетті пән ретінде енгізілген. Бұл жайында «ansar.ru» порталы «Al Arabiya» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Десе де мұсылман ата-аналар балаларының мектеп қабырғасында йога жаттығуын жасап жүргеніне наразы. «Йога жаттығуы олардың өз дұғасымен басталады», - деп айтылған йоганы танымал етумен шұғылданатын министрлік нұсқаулығында. «Біз йогаға қарсы емеспіз. Үндістан – зайырлы мемлекет. Үнді наным-сенімінің тәжірибесін енгізетін болса, бұл конституцияға қайшы келмек», - деді Бүкіл үнділік мұсылмандар кеңесінің жеке құқық жөніндегі мүшесі Зафарьяб Джилани.