Мұсылмандарды байқатпай аңду үшін құс түріндегі дрон ұшырылады (фото+видео)
|
Қытай билігі негізінен этникалық әрі діни азшылықты құрайтын ұлттар мекендейтін бес мемлекеттік провинцияда кептерге ұқсатып жасаған дронды ұшыруды жоспарлап отыр. Аталған проивнциялардағы азаматтардың сезігін тудырмай бақылау үшін. Бұл дрондар мұсылмандар шоғырланған елді-мекендерде үйірімен ұшырылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Көгершін бейнесіндегі дронды Сиандағы солтүстік-батыс саяси университетінің мамандары құрастырған. Ол өзге дрондарға қарағанда тек пішіні құсқа ұқсайтындығымен ғана емес, сонымен қатар, құс сияқты әуеде самғап ұшып, қанат қағып, т.б. ерекшеленетін болады. Сонымен қатар, өзге дрондарға қарағанда, шуды аз бөледі. Тыңшылық құрылғы камерамен, GPS-датчигімен және спутниктік байланыспен жабдықталады. Бұл дрондар екі мыңнан аса сынақтан сәтті өткен.