Мұсылмандарды атеистер ме әлде өзге наным-сенім өкілдері ме, қайсысы қатты жеккөреді
|
Pew Research Center деп аталатын аса беделді талдау агенттігі кезекті зерттеу нәтижесін жариялапты. Бұл жолы сарапшылар батыс Еуропа елдерінде өршіп кеткен исламофобиялық әлеуметтік дертті кімдердің қоздырып отырғанын анықтамақ болған екен. Осыған байланысты аталған ұйым өкілдері мигранттар мен мұсылмандарды кәрі құрлықта атеистер ме әлде христиандар ма, қайсысы көбірек жақтырмайтынын сауалнама жүргізу арқылы білген екен. Мәселен, Ұлыбританияның шіркеуге жиі бас сұғып тұратын тұрғындарының 45 пайызы исламды жат санаса, шіркеуге бармаса да өзін христиан санайтындардың 47%-ы мұсылмандарды жақтырмайтынын жасырмады. Ал атеистер арасында бұл көрсеткіш 30 пайыздан аспаған. Бұдан бөлек, христиандар арасында тек мұсылмандарды ғана емес, сонымен қатар, еврейлерді де жеккөретіндер қарасы көп болып шыққан. Айта кетейік, бұл бағыттағы сауалнама 15 елде жүргізілген.