Мұсылмандардан жылап тұрып, кешірім сұрады (фото)
Мұсылмандардан жылап тұрып, кешірім сұрады (фото)
9 жыл бұрын 6294 Islam-today

Америкалық мұсылман жамағаты Мериден штатына қарасты Коннектикут қаласындағы мешітке қарудан оқ жаудырған исламофобты кешірді. Ислам мен мұсылмандарға жаңсақ ұғымның құрсауында қалып, қаны қарайған қаскүнемнің қылмысы дәлелденіп, ресми айып тағылар тұста жергілікті мұсылмандар Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүннетінен ауытқымай, кешірім беруі исламофобтың да тоң боп қатқан жүрегін жібітті. Өз ісіне өкінген исламофоб өзі оқ жаудырған «Baitul Aman» («Бейбітшілік үйі») мешітінің жамағатымен кездесіп, басын иіп кешірім сұрады. «Біз қылмыскердің мешітімізге көрші тұратынын естіп, жағамызды ұстадық. Біз қай жерден қателік жібердік екен деп ойладық. Оның жүрегіне қалай жол табамыз деп бас қатырдық», - деді мұсылмандардың аталмыш құлшылық үйінің өкілі Зәкір Мұхаммед Маннан. Бұл сауалды исламофобтың өзіне де қойған екен. «Ол көз жасына ерік беріп, сауға сұрады. Оның бұл әрекеті көңілімізді босатты. Біз де көзімізге жас алдық», - деді сөзін сабақтаған Зәкір мырза. «Сол түні мен ішкен едім, артық сілтеп жіберіппін. Мен білім болмаған жерде үрей үстемдік ететінін ұқтым. Мен сіздердің есіктеріңізді қағып, жандарыңызда бес минут болғанымда, бәрі басқаша болар еді. Бұл істегенімді істемес едім», - деді Тед Хэйки Дж ағынан ақтарылып. «Құранда айтылғандай, әркім екінші мүмкіндікке лайық. Бұл – исламның бейнесі. Ислам кешірімді жақсы көреді және көпір болуға дайын. Сенім жауды досқа айналдырады», - деді сөзінің соңында Зәкір мырза.

Оцепленное помещение мечети после обстрела.

Тед Хэйти Дж. выступает перед мусульманами.

Мусульмане - участники встречи с исламофобом.

0 пікір
Мұрағат