Мұсылмандар священникті өлтірген қаскүнемді шариғи жолмен жерлеуден бас тартты
Мұсылмандар священникті өлтірген қаскүнемді шариғи жолмен жерлеуден бас тартты
8 жыл бұрын 2950 Жак Амеля

Францияның мұсылмандар жамағаты Сент-Этьен-дю-Рувре кантонындағы шіркеуде қызмет ететін католик священнигін өлтірген қаскүнемнің сүйегін шариғат талаптарына сай, яғни, жаназасын шығарып жерлеуден бас тартты. Бұл жайында жергілікті мұсылман жамағатының жетекшісі әрі кантон мешітінің имамы Мұхаммед Карбила мәлім етті. Сондай-ақ, ол қаза тапқан кісі өлтірушінің туыстарынан оны мұсылманша жерлеу турасында өздеріне өтініш айтылмағандығын да жеткізді. «Біз исламның атына онымен кір келтіргіміз келмейді. Оның сүйегін жер қойнына тапсыруға қатыспаймыз»,- деді имам. Естеріңізге сала кетейік, шілде айының 26-ы күні таңғы ғибадат кезінде 85 жастағы католик священнигі Жак Амеляны өлтіріп кеткен болатын. Священникті өлтірген адамды мұсылмандар қатарынан санаған еді жергілікті тұрғындар. Ал кісі өлтірушінің неден қаза тапқаны айтылмаған, 

0 пікір
Мұрағат