Мұсылмандар сириялық балаларға мектеп салып бермекші
Мұсылмандар сириялық балаларға мектеп салып бермекші
8 жыл бұрын 2125 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының «Зекет» қайырымдылық қоры «Балаларға мектеп – ел болашағы» атты акция ұйымдастырып, сауапты істі қолға алды. Мұндағы мақсат: Сирия мен Ливан шекарасындағы босқындар лагерінде тұрып жатқан балаларға арналған мектеп құрылысына жылу жинау. Аталмыш қордың серіктесі – ливандық «Тәкәфүл» қайырымдылық қоры. Аталған қор мамандары сызған білім ошағы құрылысының жобасы уақытша мектеп тұрғызуға, оқу құралдарын сатып алуға, мұғалімдердің алты айлық жалақысын төлеп беруге саяды. Мектеп құрылысы 150 балаға шақталған, 3 сыныпқа есептелген. Ресейлік мұсылмандардың айтуынша, соғыс түбінде бір аяқталады, балаларды осы бастан болашаққа дайындап, жарқын өмірге қадам басуына жағдай жасау керек. Білімсіз жаңа қоғам құру мүмкін еместігін алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат