Мұсылмандар саны едәуір артады
Мұсылмандар саны едәуір артады
8 жыл бұрын 2394

2010 жылы әлем халқының 16%-ы ешбір дінге бас ұрмаған екен. Алайда, 2050 жылы олардың қарасы 13%-ға дейін азаюы мүмкін екенін мәлімдеді «Pew» зерттеу орталығының мамандары. Аталмыш орталық сарапшыларының айтуынша, дінге ден қоятындар қатарының артуына ең алдымен адамзаттың көбеюі өз әсерін тигізіп отыр. Туу көрсеткішінің жоғарылауы, өмір сүру жасының ұзаруы, т.б. демографиялық факторлар өз ықпалын тигізуде. Аталған орталық мамндарының сөзіне қарағанда, бірінші кезекте мұсылмандар саны артады. 2010-2050 жалдар аралығыда мұсылмандардың саны 73%-ға артады екен. Сондай-ақ, христиандардың қатары қалыңдайты көрінеді – осы мерзім ішінде олардың қарасы 35%-ға өсуі мүмкін. Бұл пайыздық көрсеткіштерді нақты санмен өрнектесек, 2050 жылға қарай мұсылмандар 2,8 миллиардқа жетуі бек мүмкін. Ал христиандарға келсек, 2,9 миллиардқа дейін артатын көрінеді. Атеистер мeн агностиктeр болашақта азаймаса, көбeймeйді.

0 пікір
Мұрағат