Мұсылмандар қарасы көп еуропалық ел көші-қон заңын қатайтады
Мұсылмандар қарасы көп еуропалық ел көші-қон заңын қатайтады
2 жыл бұрын 1644 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Vincent West / Reuters

Франция билігі қылмыс жасаған шетелдікті елден қуу процедурасын жеңілдететін жаңа көш-қон заңын қарастырады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің ішкі істер министрі Жеральд Дарманенге жөн сілтеген Le Monde ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Франция ІІМ жетекшісінің мәлімдеуінше, бұл заң жобасы көші-қон саласындағы ең қатал заң болайын деп тұр. Франция аумағында құқық бұзып көзге түскен шетелдіктерді елден депортациялау туралы заң жобасы 2023 жылдың қаңтар айында қарастырылады. Ол, сондай-ақ, билік Франциядан кетуге бұйрық алған барлық мигранттарды іздеу тізіміне енгізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. «Префектура оларды елде болдырмаудың барлық жолын қарастыруы керек: оларға әлеуметтік төлемдер төленбейді және әлеуметтік тұрғын үй берілмейді». Заңсыз көші-қон Франция мен басқа да Еуропа елдері үшін шешімін таппаған күрделі мәселе болып отыр. 2022 жылдың ақпан айында Франция президенті Еммануел Макрон Ла-Манштағы (Ұлыбритания арралы мен Франция арасындағы бұғаз) әрбір мигрант өлімі үшін Ұлыбритания билігін айыптаған болатын. Оның айтуынша, бүгінде Лондон 1980 жылдардағы заңды жаңартпай отыр, яғни, иммиграцияның заңды жолдарын қарастырмайды.

0 пікір
Мұрағат