Мұсылмандар мен христиандар Израиль басқыншылығын айыптады
Мұсылмандар мен христиандар Израиль басқыншылығын айыптады
10 жыл бұрын 3044

Ислам-христиан комиссиясы палестиналықтардың жерін басып алып, халықаралық қауымдастықтың құптамағанына қарамастан жөйт келімсектері үшін заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқанына наразылық білдірді әрі қоныстандыру саясатын сынға алды. Соңғы екі жылда қарқын алған бұл саясаттың салқыны өз зардабыг тигізуде. Ислам және христиан құндылықтары мен баға жетпес мәдени орындарының жойылып кету қаупі төніп тұрғанын айтып, әлем жұртшылығына дабыл қақты. Аталмыш комиссияның бас хатшысы, профессор Ханна Иса 1998 жылы Израилдің сыртқы істер министрі Ариэль Шаронның келімсектерге өз беттерінше әрекет етіп, палестиналықтардың жерін иемденуге шақырғанын еске салып өтті. Оның айтуынша, Израиль тарапы осылайша 1949 жылы қабылданған 4-ші Женева конвенциясын өрескел бұзып отыр. Сондай-ақ, ол Израиль билігінің жаулап алынған палестина жерінің әр сүйемін түрлі себептермен және сылтаулармен тәркілеп жатыр. Мемлекеттің меншігі дегенді желеу еткен израилдіктер палестиналықтар үй-жайларынан қуып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат