Мұсылмандар мен христиандар арасындағы дауға байланысты Ливан екі уақыт белдеуінде қалды
Мұсылмандар мен христиандар арасындағы дауға байланысты Ливан екі уақыт белдеуінде қалды
2 жыл бұрын 1163 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы жексенбіде Ливан электр энергиясын үнемдеу үшін жазғы уақыт режиміне көшуі тиіс болатын. Алайда, уақытша үкімет жетекшісі Нәжіп Микати уақытты жазғы режимге ауыстыруды кейінге шегерді, дәлірегі, сәуір айының 20-нан кейін ауыстыруды жоспарлап отыр. Оның бұл шешімі ел аумағындағы христиандардың наразылығын тудырып, талас-тартысқа түрткі болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел билігі неліктен мұндай тоқтамға келгені айтылмаса да христиандар бұл қадамды өздеріне көрсетілген қысастық ретінде қабылдап отыр. Дәлірегі, қасиетті Рамазан айында ауыз бектікен мұсылмандар пайдасына қабылданған шешім ретінде қабылдап отыр. Сағат тілін алға жылжытудан бас тарту шешімі оларға оразасын сағат жетіде емес, кешкі алтыда ашуға мүмкіндік береді, алайда, олар таңғы асты да (сәресін) бір сағат бұрын қабылдауға мәжбүр болады. Нәтижесінде елдегі ең ықпалды маронит шіркеуінің жамағаты үкіметтің шешіміне бағынбайтындарын жариялап, сағат тілін алға жылжытты. Елдегі өзге наным-сенім өкілдері де христиандардан көргенін істеп, сағат тілін алдыға жылжытып жатыр. Осыған байланысты христиандық мектептер, шіркеу қызметтері және басқа да ұйымдар бір сағат бұрын ашылып, жабылады. Елдің LBCI және MTV жаңалықтар арнасы да жазғы уақытқа көшкендерін хабарлады. Мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ, мұсылмандар қарасы көп көп компаниялар сәуір айына дейін қысқы уақыт режимін сақтайды. Мұндай компаниялардың қатарында Middle East Airlines ұлттық әуе тасымалдаушысы да қосылды.

0 пікір
Мұрағат