Мұсылмандар «ашық мешіттегі» кезекті әрекетке наразылық білдірді
|
Оңтүстік Африка Республикасындағы мұсылман жамағаты қызтекелер мен трансвеститтер некесі қиылған, сол үшін «ашық мешіт» аталып кеткен осынау құлшылық үйіндегі кезекті неке қидыру рәсіміне наразылық білдіріп отыр. Бұл жолы ислам үкіміне қайшы келетініне қарамастан христиан ер адам мен мұсылман әйелінің некесі қиылды. Нақтырақ айтқанда, Саида Осман есімді мұсылман әйелі мен христиан сеніміндегі Сигфрид Милберт ел аумағындағы бірнеше мешітте некелерін қидырмақ болғанымен, оларға мұсылмандардың құлшылық үйлері есіктерін тарс жапқан болатын. Өйткені, асыл дінімізде әйел адамның наным-сенімі өзге болғанымен оның болашақ күйеуі мұсылман болған жағдайда ғана олардың некесі қиылады. Алайда, Тадже Харги жетекшілік ететін мешіт мұндай некені қидыруға келісімін берген көрінеді. «Барлық адам өмірлік серігін таңдауға құқылы. Махаббаттан асқан қандай сый керек?» - деді ол неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндіре келе. Әйтсе де, ол ойына келгенін істеп, мешіттің қадірін түсіргенін оның қаперіне кіріп шықпайды. Рұқсат етілетін, тыйым салынған нәрселерге бұлай атүсті қараудың арты жақсылыққа апармайтынын түсінер емес. Бұл жайында Anadolu Agency ақпарат көзі хабар таратты.