Мұсылмандар әлемінің монарх пен аятоллаға қалай қарайтыны белгілі болды
|
Қоғамдық пікірді зерделейтін Gallup америкалық ұйымының таяуда арнайы жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес араб және өзге де мұсылман елдері Иран режиміне қарағанда Саудияның билеушілеріне оң көзбен қарайтын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al Arabiya дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы сауалнамаға 13 ел, атап айтқанда, Кувейт, Ливии, Иордания, Пәкістан, Марокко, Ирак, Алжир, Тунис, Ливан, Ауғанстан, Йемен, Палестина және Түркия тұрғындары тартылған. Бұл бағыттағы сауалнамаға қатысқандардың 39 пайызы Сауд Арабиясындағы билеуші режимді мақұлдаса, тек 14 пайызы ғана Ирандағы режимге оң қабақ танытқан. Осы 13 елдің ішінде Пәкістан ғана негізінен ирандық режимді қолдайтын жалғыз мемлекет болды – респонденттердің 50%-дан астамы аятолла билігін мақұлдаған.