|
Мұсылман студентті доңыз етін жеуге мәжбүрледі
|
«Холстебр» аспаздық училищесінде оқитын мұсылман студентін оқу процесі барысында доңыз етін жеуге мәжбүрледі. Бұл талапты орындамаған жағдайда оқудан шығаратынын айтып, қорқытқан. Тегі ливиялық 24 жастағы даниялық студент Самира әл-Хафир өзі оқып жүрген аталмыш оқу орнының әкімшілігі үстінен сотқа шағым түсіріп, сот үкімі оның пайдасына шешілді. Яғни, аталмыш оқу орнынан шамамен 6000 доллар өтемақы өндіріп алды. Бұл жайында «OnIslam.net» ақпарат көзі хабар таратты. Мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. 2013 жылы ол аспаздық шоуда доңыз етінен тағам дайындауына тура келген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
РАМАЗАН АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ - 2026. БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
■
Екі «қолымен» жеміс теретін робот өзге моделдермен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып шықты (видео)
■
Араб елі Рамазан айында қысқартылған жұмыс режиміне көшеді
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Дрондар үйірін бір электрлі импульспен істен шығаратын қару пайда болады (видео)