Мұсылман мемлекеті әлем бойынша алапес ауруынан құтылған алғашқы ел атанды
Мұсылман мемлекеті әлем бойынша алапес ауруынан құтылған алғашқы ел атанды
2 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Иорданияны әлемде алапес ауруынан құтылған алғашқы ел екенін ресми түрде жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы newsonair.gov.in ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Иордания королдігін әлемдегі ресми түрде алапестен таза ел болғанымен құттықтайды. Бұл маңызды жетістік денсаулық сақтау саласындағы жаһандық күш-жігердің жаңа дәуірге аяқ басқанын білдіреді», деп мәлімдеді аталмыш ұйым. Мәлімдемеде Иорданияның жиырма жылдан астам уақыт бойы алапес ауруына ешкімнің шалдықпағаны айтылған. Алапес – Mycobacterium leprae бактериясы тудыратын созылмалы жұқпалы ауру. Теріге, перифериялық жүйке жүйесіне, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарына және көру қабілетіне кері әсер етеді. Алапес ауруынан ерте емделген науқас дертінен құлан таза жазылады.

0 пікір
Мұрағат