Мұсылман киімі үшін бел қайыстырар айыппұл салу қарастырылуда
Мұсылман киімі үшін бел қайыстырар айыппұл салу қарастырылуда
16 сағат бұрын 183 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғыз парламентінде қоғамды орындар мен мемлекеттік мекемелерде ниқаб немесе адамның бет-жүзін жасыратын киімдерді киіп жүретіндерге 20 мың сом мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған «Наным-сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заң жобасында. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде 24.kg сайтына жөн сілтеген Liter.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Құқық бұзушылық кодексін 127.1-баппен толықтыру ұсынылып отыр. Бұл бап мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық орындарда азаматтың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін киім киюге қатысты. Депутат Дастан Бекешев айыппұл сомасын төлеуге қалтасы көтермейтінін мәлімдеді. «Жүзіңізде жасырсаңыз, ниқаб немесе паранжа кигеніңіз үшін 20 мың сом айыппұл салынады. Ниқапты халықтың әлеуметтік осал топтарының әйелдері киеді. Ниқапта киген табысы мен білімі жоғары әйелдерді сирек кездестірдім», - деді ол. Осыдан біршама уақыт дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия аталмыш заң жобасынан қоғамдық орындарда ниқаб киюге қатысты тыйымды алып тастау жөнінде өз ұсынысын білдірген еді, өйткені, бұл ереже демократия құндылықтарына қайша келеді.

0 пікір
Мұрағат