Мұсылман ғалымдар дінді қорлауға жол бермеуді жоғары деңгейде көтеріп жатыр
Мұсылман ғалымдар дінді қорлауға жол бермеуді жоғары деңгейде көтеріп жатыр
3 жыл бұрын 1364 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық мұсылман ғалымдар одағы (IUMS) әлем елдерін дін мен киелі нәрселерге тіл тигізуге тыйым салатын заң қабылдауға үндеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Штаб пәтері Доха қаласында орналасқан аталған ұйым өкілдері исламға қарсы жария түрде тіл тигізетін жарияланымдарға жол бермеу үшін мұсылман ғалымдарынан жасақталатын делегация жіберетіндерін мәлімдеді.  Сондай-ақ, ғұламалар одағы Ислам ынтымақтастық ұйымына және Біріккен Ұлттар Ұйымына дінді қорлауға тыйым салатын заң жобасын әзірлеуге шақырды. Мұсылман ғұламаларының інаралық араздық пен алауыздықтың алдын алуға көмегін тигізетін мұндай бастама көтеруіне таяудағы Үндістанның ресми тұлғаларының Пайғамбарлар падишасына (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тіл тигізгені, Еуропа елдеріндегі қасиетті Құранды өртеу акциялары, т.б. исламофобиялық әрекеттер себеп болды.

0 пікір
Мұрағат