Mұсылман еместерге Рамазан айында өз-өзін ұстау ережелер жинағы шығарылды
Mұсылман еместерге Рамазан айында өз-өзін ұстау ережелер жинағы шығарылды
2 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінде туристер көптеп баратын трталықтардың біріне айналған Дубайда қасиетті Рамазан айында мұсылман еместерге арналған әдеп ережесін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ораза айында қаладағы өмір ырғағы баяулап, қарбалас тірліктен саябыр тартады. Бұған көпшілікті құрайтын мұсылмандардың ауыз бекітуі себеп болады. Дубайдағы меймандар мен саяхатшылар жергілікті тәртіпке мойынсұнып, шектен шықпауы тиіс: мұсылман еместер ауыз бекітуі шарт емес, соған байланысты жергілікті мейманханалар мен дәмханалар ашық болады. Дегенмен, қас қарайғанша қоғамдық орындарда, көшеде, саябақта, т.б. шылым шегуге, ас-су ішуге, сағыз шайнауға, т.б. тыйым салынады. Бұдан бөлек, қасиетті айда адамның ашық-шашық жүруіне де шектеу қойылады. Яғни, сыртқы келбетіне де талаптар қойылады: адамның назарын аударатын тар киімдерді киюге, иық пен тізені жалаңаштауға, дауыстап тілдесуге, т.б. тыйым салынады. Сондай-ақ, Рамазанда жұмыс кестесіне өзгерістер енгізіледі. Ел аумағындағы барлық жұмысшы үшін жұмыс уақыты екі сағатқа қысқарады. Мұсылман еместер мен туристер қасиетті айда исдлам мәдениетімен етене танысуға көбірек мүмкіндік алады: мешіттер мен ислам орталықтарына шағын саяхаттар ұйымдастырылады, ислами мұражайларға бас сұғып, ислам тарихымен таныса алады, т.б. 

0 пікір
Мұрағат