Мұсылман емес елдің соты оқушылардың хижаб кию құқығын қорғады
Мұсылман емес елдің соты оқушылардың хижаб кию құқығын қорғады
3 жыл бұрын 1876 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тайландта оқушы қыздардың ата-аналары Яла провинциясындағы мектепке қарсы сот процесінде жеңіске жетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bangkok Post дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азияның оңтүстік-шығысында орын тепкен аталған елдің оңтүстігіндегі білім беру мекемесі мектеп қабырғасында шариғат шәлісін жамылып жүруге тыйым салған еді. Мұндай шектеуден соң мұсылман оқушы қыздар мектеп табалдырығын аттаған жоқ, олардың ата-анасы сотқа жүгінді. Табаны күректей 4 жылға созылған әрі қоғамда шу көтерген сот процесі ақыры жергілікті мұсылмандардың  пайдасына шешілді. Ендігі жерде Тайланд аумағында оқушыларды олардың наным-сеніміне қарай кемсітушілікке тыйым салынды. Соның ішінде елдегі мектептерде оқушыларға діни киім киюіне тыйым сала алмайды.

0 пікір
Мұрағат