Мұсылман емес елдің президенті болып имамның ұлы сайланды
Мұсылман емес елдің президенті болып имамның ұлы сайланды
5 жыл бұрын 3846 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Орталық Америкада орын тепкен Сальвадор республикасының президенті болып осы елге кезінде, дәлірегі, 20-шы ғасырдың бас кезінде Османлы төлқұжатымен қоныс аударған палестиналық иммигранттың Найиб Букеле есімді ұлы сайланды. Ол аталмыш елдегі президент сайлауында бәсекелестеріне қарағанда артық дауыс жинаған - 54%. Найиб Букеле 1981 жылы туған. 2015 жылы Сан-Сальвадордың мэрі болып қызмет еткен. Сальвадордың жаңа президентінің әкесі Армандо Букеле Каттан Сан-Сальвадордың есімі елге белгілі имамы болған. Бұл жайында Daily Sabah ақпарат көзі хабар таратты. Сальвадор әлемге қылмыс деңгейі өте жоғары ел ретінде танылған мемлекет. 6,5 млн халқының 67 мыңы түрлі қылмыстық топтарға мүше. Олар ел тұрғындарын бопсалап, тонап, зорлық-зомбылық көрсетіп, үрейдің уысында ұстап отыр. Имамның ұлы халқына берген уәдесінде жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен, жұмыссыздықпен, сондай-ақ, бандылармен күресуді алдына мақсаты етіп қоятынын мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат