Мұсылман емес елде зинаға барғандар жазаланатын болды
Мұсылман емес елде зинаға барғандар жазаланатын болды
6 жыл бұрын 3060 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израил парламенті (Кнессет) заңсыз (некесіз) төсек қатынасы қызметін пайдалануға тыйым салу қарастырылған заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдады. Бұл жайында NEWSru.co.il ақпарат көзі хабар таратты. Соның ішінде, жезөкшелерге барғандар да жауапқа тартылып, жазаланады. Аталмыш заң жобасы тек ел тұрғындарына ғана емес, шетелдік туристерге де қатысты. Десе де төсек қатынасына тартқан тарапқа ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған. Некесіз төсек қатынасына барғандарға екі мың шекел айыппұл салынады, ал мұндай жағдай қайталанса, айыппұл мөлшері төрт мың шекелге өседі. Егер зинаға баруын қоймай, бұлтартпас дәлелдермен ұсталғандардың айыппұл мөлшері 75 мың шекелден асса, ол адам қылмыскерлер санатына жатқызылады. Бұл бастаманы Израилдің әділет министрі Айелет Шакед көтерген еді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 2018 жылдың желтоқсан айында Халық өкілдерінің бүкіл қытайлық жиналысының құқықтық мәселелерге жауапты комитеті жезөкшелер мен олардың клиенттерін қайта тәрбиелеуден бас тартуды ұсынған болатын. 1990-шы жылы мемлекеттік кеңес бекіткен ережеге сәйкес заңсыз төсек қатынасын ұсынғандар мен оны пайдаланғандар жарты жылдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылатын еді. Бұдан бөлек, олар этика мен құқық негіздері бойынша курстан және медициналық тексеруден өтуге міндеттелген болатын. 

0 пікір
Мұрағат