Мұсылман елінің билігі синагогқа миллиондаған қаржы бөлудегі мақсаты қандай?
|
Бірден айта кету керек, Мысыр араб елдері ішіндегі ең либералды, яғни, зайырлылыққа жақын мемлекет ретінде белгілі. Түптеп келгенде, өздерін араб тектес халыққа да жатқызбайды. Содан ба пирамидаларымен, көне тарихымен, өзіндік өркениетімен аты шыққан бұл елде түрлі наным-сенім өкілдерін молынан ұшыратасыз. Жаһандану мен интеграция үстемдік құрған бүгінгі таңда ғана пайда болған жоқ бұл үрдіс. Сонау ықылым заманнан солай. Айтпағымыз, Мысыр билігі Александриядағы ежелгі синагогты күрделі жөндеуден өткізуге 22 млн доллар қаржы бөлді. Шатыры кеткен синагогтың реставрациясына жергілікті қазынадан емес, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінетін болды. Мұсылман және копт ескерткіштеріне жауапты басқарма жетекшісі Хелми Азат Александриядағы еврейлердің ғибадат ететін ғимаратына мемлекет тарапынан неге осынша қамқорлық танытатынын айтпады. Десе де бір мезгілде 700 адамға дейінқұлшылық ете алатын, араб әлеміндегі ең үлкен синагогтардың бірі стратегиялық маңызға ие. Біріншіде, тарихи жәдігер. Экономикасы туризмге байланған ел үшін мұндай көне ескерткіштерді күтіп ұстаудың маңызы зор. Екіншіден, Израилмен тарихы тығыз байланысты. Бүгінгі таңда тек тарихымен ғана емес, сонымен қатар, аймақтық, сауда-экономикалық, саяси ынтымақтастыққа басымдық берілген сыртқы саясатына қажетті, Израилмен оң қарым-қатынаста болуға септігін тизігетін қадам. Бір әттеген-айы, кезінде осы елдегі бабамыз Сұлтан Бейбарыстың мешіті тозғанда Қазақстан тарапы қаржы бөлген еді. Бейбарыстың мешітіне және Қайыпханның мешітіне жеткілікті көңіл бөлмеген болатын.