Мұсылман еліндегі өзгеше мұздаққа жойылу қаупі төнді
Мұсылман еліндегі өзгеше мұздаққа жойылу қаупі төнді
3 жыл бұрын 1171 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудың күллі әлем бойынша қарқын алуына байланысты жер бетіндегі санаулы тропикалық мұздақтарға жойылу қаупі төніп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылмандар қарасы ең көп елде – Индонезияның Метеорология, климатология және геофизика жөніндегі басқармасы ел аумағындағы, дәлірегі, Папуа провинциясындағы Пуншақ-жая деп аталатын таудың ұшар басындағы мұздақтың 2025 жылға дейін түгі қалмай еріп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Өйткені, соңғы жиырма жылда орташа ауа температурасының көтерілуі тұрақты сипат алып, аталған өзгеше мұздақ жыл сайын жұқарып келеді. Папуа провинциясындағы бұл мұздақтың тарихы тым тереңде жатыр – 5000 жылға созылады. Экваторлық мұздақтардың кейбіреуі Оңтүстік Америка мен Африка құрлығында ғана кездеседі. Климат және ауа сапасы мәселелерімен айналысатын басқарма жетекшісінің орынбасары Доналди Перманның айтуынша, 1850 жылы аталған мұздақтың аумағы шамамен 20 шаршы шақырым болған, ал бүгінде одан қалғаны жарты шаршы шақырымға да жетпейді.

0 пікір
Мұрағат