|
Мұсылман еліндегі христиандар Пасханы мемлекеттік мереке ретінде тануды талап етуде
|
Мысыр премьер-министрінің осы елдегі христиандардың басты мерекесі – Пасханы (Easter Sunday) ұлттық демалыс күні деп жариялауға қатысты талапты орындаудан бас тартқаны үшін христиандар сотқа жүгінді. Бұл жайында islam.kz порталы inVictory ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ADF International халықаралық құқық қорғау ұйымы қолдаған бұл бастаманы Пирамидалар еліндегі күллі әлем бойынша ең ежелгі христиандар қауымы көтерген болатын. Наным-сенім бостандығын желеу еткен жергілікті христиандардың петициясы биліктің Пасханы мемлекет мойындаған ислам мерекесімен қатар қойып, ресми мейрам ретінде тануын талап етеді. Өткен аптада өткен соттың шешіміне сәйкес бұл іс келесі жылдың (2026) қаңтар айының 17-і күні өтуі тиіс мемлекеттік кеңестің (State Commissioners Authority) қарауына жіберілді. Мысырдың мәдениеті мен тарихы бірнеше мыңдаған жылдарға тамыр тартып жатыр. Әлемдегі ең көне христиандар қауымы ел тұрғындарының санына шаққанда шамамен 10 млн, яғни, Мысыр халқының 10%-нан асады. ADF International қолдаған петиция Мысыр конституциясының азаматтардың теңдігі мен діни сенім бостандығына кепілдік беретін 53 және 64-баптарына, сондай-ақ, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті меен Халықаралық еңбек ұйымының діни белгілері бойынша кемсітуге тыйым салатын № 111 конвенциясы сияқты халықаралық шарттарға негізделген. Бұдан басқа, петиция авторлары Мысыр монархиясы кезінде Пасха ресми мереке мәртебесіне ие болғанын және оны қалпына келтіру тарихи әділдікті қалпына келтіретінін еске салды. ADF International ұйымының өкілдері атап өткендей, аймақтың басқа елдерінде, мысалы, Ливан мен Иорданияда Пасха ұлттық мереке болып танылды. Аталмыш ұйымның айтуынша, Мысырдағы мұндай қадам бүкіл Таяу Шығыста діни бостандықты ілгерілетуде маңызды қадам болмақ. ADF International көптеген жылдар бойы Мысырдағы христиандар мен діни азшылықтарды қорғап, жергілікті серіктестермен және халықаралық құрылымдармен ынтымақтасып келеді. Ұйым Мысыр конституциясы діни кемсітушілікке тікелей тыйым салатынын және мемлекет барлық дінге сенушілерге тең жағдай жасауға міндетті екенін атап өтті.