Мұсылман елінде сенат шариғат шәлісіне қарсы науқан ұйымдастырғаны үшін облыс басшысына қатаң сөгіс берді
Мұсылман елінде сенат шариғат шәлісіне қарсы науқан ұйымдастырғаны үшін облыс басшысына қатаң сөгіс берді
5 жыл бұрын 1991 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан сенатының регламент және этика жөніндегі комиссиясы Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиевке шариғат шәлісіне қарсы науқан ұйымдастырғаны үшін қатаң сөгіс жариялады. Бұл жайында «Өзбекстан жаңалықтары» ақпарат көзі хабар таратты. Шухрат Ганиев өзінің ағат кеткенін әрі жазаға лайық екенін мойындады. Ол ұлттық киімге артықшылық беретінін тілге тиек етті. Бұрын әлеуметтік желіде селекторлық жиналыста Шухрат Ганиев қоластындағы қызметкерлерге «сақал мен хижабқа қарсы науқанды» бастауға пәрмен бергені туралы аудиоазба тарап кеткен болатын. Ферғана облысының басшысы тамыз айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевтің тарапынан сынға ұшыраған болатын. Мыңдаған тұрғынды мжбүрлеп жұмысқа жеккені үшін. Осындай шаш ал десе, бас алатын шолық белсенділер билік пен халықтың арасына сына қағып, әлеуметтік наразылыққа себеп болып жатады.

0 пікір
Мұрағат