Мұсылман елінде пәтерді жалдау ақысын көтергендерге қылмыстық жауапкершілік енгізіледі
|
Түркия билігі пәтерді жалдау ақысын негізсіз көтергендерді тек айыппұл салумен жазаламай, сондай-ақ, қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде NTV телеарнасына жн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің әділет министрі Бекір Боздақ аталмыш телеарна эфирінде осы тарапта ескерту мәлімдеме жасап, бұл бағыттағы заң жобасында ереже талаптарын бұзғандарды үш түрлі жаза күтіп тұрғанын жеткізді. Дәлірегі, пәтердің ақысын қолдан өсіргендерге айыппұл салынуы, әкімшілік қамауға алынуы және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті. Бекір Боздақтың айтуынша, бұл заң жобасы ел прзиденті Режеп Тайып Ердоғанның тікелей пәрменімен әзірленген. «Егер жалдау ақысы пайда табу үшін нарықтағы бағадан 25% жоғары көтерілсе, онда мұндай үй иесі жазалануы керек», деп мәлімдеді әділет министрі. Осы орайда Түркиядағы жылжымайтын мүлік бағасы Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін күрт шарықтап кеткен еді, жүз мыңдаған украин босқыны келген соң. Бұдан бөлек, Түркияның оңтүстік-шығысында орын алған жойқын зілзаладан да үй бағасының көтерілген болатын. Осы жер сілкінісінен 2 млн-ға тарта тұрғын баспанасыз қалған еді.