Мұсылман елінде iPhone 16-ны сатып алуға тыйым салынды
Мұсылман елінде iPhone 16-ны сатып алуға тыйым салынды
27 күн бұрын 824 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезияда жергілікті тұрғындар Apple компаниясының соңғы смартфонын сатып ала алмайды. Оңтүстік-шығыс Азия мемлекетінің билігі, дәлірегі, Индонезияның өнеркәсіп министрлігі халыққа үндеу тастап, iPhone 16 смартфонын сатып алудан, пайдаланудан бас тартуға шақырып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы сингапурлық The Straits Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған смартфонға қатысты туристер үшін белгілі бір шектеулер енгізеді. 2024 жылдың қазанының 26-нан бастап, Индонезияда ешқандай iPhone 16, сондай-ақ, Apple Watch Series 10 смартсағат сатып алу мүмкін емес. Оның себебі Apple компаниясының 240 млрд индонезиялық рупия (шамамен 15,3 млн доллар) инвестициялық міндеттемелерін орындамағандығында жатыр. Жалпы, компания елге 1,71 трлн рупия (шамамен 109 млн доллар) инвестиция салуға уәде берген. Осының кесірінен билік елдегі құрылғыларды сатуға міндетті IMEI сертификаттарын беруден бас тартты. Десе де аталған өнімді сатып алғандарға немесе пайдаланғандарға қандай жаза қолданылатыны ашып айтылмаған. Неліктен Apple Индонезияға инвестиция салуы керек? Бұл сауалдың жауабы аталған мемлекеттің заңнамасында қарастырылған талаптармен байланысты  - оған сәйкес шетелдік компаниялар Индонезияда өндірілетін компоненттердің кем дегенде 40%-ын өз өнімдерінде пайдалануы тиіс. Егер шетелден iPhone 16 пайдаланушысы Индонезияға келсе, кеден оған ешқандай қиындықсыз өтуге мүмкіндік береді. «Жолаушылар өзімен бірге әкелген және салық салынатын iPhone 16 сатуға болмайтын және жолаушының жеке пайдалануымен шектелетін жеке меншігіндегі заттар ретінде танылады», - деп атап өтті индустрия министрлігінің ресми өкілі. Бұл тарапта да шектеу бар: бір адам Индоензияға iPhone 16 смартфонының екі данасынан артық әкеле алмайды. Индонезия билігі, сонымен қатар, курьерлік қызмет арқылы басқа елде сатып алынған iPhone 16  смартфонын да тәркілемейді. Ол да жеке адамның мүлкі есебінде болады.

0 пікір
Мұрағат