|
Мұсылман елінде халал жөніндегі менеджемент мамандығы оқытылатын болады
|
Оңтүстік-шығыс Азия аймағында орын тепкен мұсылман мемлекетінде жергілікті және алыс-жақын елдерге танымал ислами жоғарғы оқу орны бар. Туанку халықаралық ислам университеті (UniSIRAJ) деп аталатын. Бұл жайында islam.kz порталы Sinar Harian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Міне, осы оқу ордасында (UniSIRAJ) муамалат (түрлі отбасылық, құқықтық және сауда-саттық қатынасты реттеуге арналған ислами құқық бөлігі) және ислам қаржысы бойынша бакалавр, сондай-ақ, халал менеджменті бойынша бакалавр бағдарламалары енгізіледі. UniSIRAJ ректоры, профессор, доктор Мұхаммад Розайми Рамле қазіргі уақытта университеттің осы бағдарламаны Малайзия біліктілік агенттігінің (MQA) тарапынан мақұлдауын күтіп отырғанын хабарлады. Таяуда ол хадистер бағдарламасының үлкен сұранысқа ие болғанын айта келе бұл тарапта диплом, магистратура және докторантура деңгейінде жаңа жобаларды іске қосы мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Егер агенттік тарапынан аталмыш жоба мақұлданса, униерситет шариғат талаптарына сай өнімдер мен қызметтерді реттейтін, халал тауарлар нарығындағы үрдістерді ескере отырып, тұтынушыларды тартатын, халал тауарларды ілгерлету стратегиясы әзірлейтін болашақ маман иелеріне жүйелі түрде білім беретін болады. Мұндай мамандықтың пайда болуына өз кезегінде жылдан жылға өсіп келе жатқан, өз алдына бөлек тұтас индсутрияға айналған халал нарығының ұлғаюы себеп болып отыр. Осы орайда UniSIRAJ-дың университет мәртебесіне ие болмай тұрғында Перслис ислам университетінің колледжі (KUIPs) деген атпен танымал болғанын айта кетпекпіз.