Мұсылман елінде ер-азаматтар құқығын қорғау ұйымы құрылды
Мұсылман елінде ер-азаматтар құқығын қорғау ұйымы құрылды
2 жыл бұрын 2140 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр тарихында тұңғыш рет ер-азаматтар құқығын қорғаумен айналысатын қауымдастық құрылды. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Monitor ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада ерлі-зайыптылардың ажырасу процедурасы кезінде дүние-мүлікті бөлісу және балаларды әкесінде қалдыру секілді мәселелерде әйелдер пайдасына шешілетін, осылайша ерлер құқығының жиі бұзылуына алып келетін бір жақты сот үкімдеріне дейін қайта қарауды алдына міндет етіп қойған ұйым турасында сөз блып отыр. Аталмыш қауымдастық қорғаушы заңгері Ахмет Рызық Матардың айтуынша, балаларды әкесімен кездесуіне тыйым салуды көздейтін әділетсіз сот шешімімен күресу керек. Мәселен, пирамидалар елінде ажырасқан балаларымен кездесуіне бөлінетін уақыт аптасына 3 сағаттан аспайды. Дәлірегі, соттың мұндай бір жақты шешімі әйелдердің еррлерден кек алу құралына айналып отырғанын ашына жеткізетіндер көп. Мысыр заңнамасында қарастырылған талаптарға сәйкес әйел адам бала 15 жасқа толғанша қамқоршы бола алады. Осы жастан соң ғана бала әкесімен ме әлде анасымен бе, кіммен тұрғысы келетінін өзі шешеді. Егер бұл аралықта әйел қайыра тұрмысқа шықса өзге біреуге, баланы анасы жағынан жақын туысы немесе әжесі қамқорлығына алады.

0 пікір
Мұрағат