Мұсылман елінде «Аллаһ» сөзін қолдануға рұқсат етілді
Мұсылман елінде «Аллаһ» сөзін қолдануға рұқсат етілді
4 жыл бұрын 3183 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзаттың үштен бірі орналасқан оңтүстік-шығыс Азиядағы ықпалды мұсылман елінде – Малайзияның жоғарғы соты елдегі мұсылман еместерге құдай туралы айтқанда «Аллаһ» сөзін қолдануға рұқсат ететін қаулы қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел аумағында мұндай тыйымның пайда болуының өз тарихы бар: 1986 жылы христиан баспа өнімдерінде, яғни, кітаптар мен мерзімді басылымдарда «Аллаһ», «Қағба», «Байтуллаһ», «намаз» секілді арабша-мұсылманша сөздерді қолдануға тыйым салу қарастырылған үкіметтік директива қабылданған еді. Малайзияның жоғарғы соты бұл тыйымның конституция талаптарына қайшы келетінін алға тартып, күшін жойды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 32 млн халқы бар Малайзия тұрғындарының үштен екісі – мұсылмандар. Бұл елде тек байырға малай халқы ғана тұрмайды, сонымен қатар, қытайлар мен үнділердің де қарасы көп. Ал христиандардың (негізінен католиктер) ел тұрғындарының шамамен 10%-ын құрайды бүгінгі таңда. Талай жылға созылған, билік тарапынан салынған бұл тыйым 2014 жылы орын алға мына бір оқиғаны еске түсіреді: рим-католик шіркеуі «Аллаһ» сөзін өз бюллетендерінде малай тілінде қолданған екен. Малайзия жоғарғы сотының бұл шешімі өз кезегінде елдегі азшылықты құрайтын өзге діндегілердің наным-сенім бостандығын айғақтайтын құжат ретінде тарихта қалатын болды.

0 пікір
Мұрағат