Мұсылман елінде адамдарды келісімінсіз фото-суретке түсіруге тыйым салынды
Мұсылман елінде адамдарды келісімінсіз фото-суретке түсіруге тыйым салынды
2 жыл бұрын 2101 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мысыр билігі алғаш рет көше мен өзге де қоғамдық ұйымдарда адамдар мен жүргіншілерді олардың жазбаша келісімінсіз таспаға тартып алуға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы пирамидалар елінің туризм министрлігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай әрекетке жол бергендердің таспаға тартып алуға мүмкіндік беретін құралдары мен құрылғылары тәркіленеді. Бұдан бөлек, аталған елдің негізгі мәдени орындары мен ескерткіштерін де таспаға тартып алуға тыйым салынған. Бұл тараптағы жаңа ереже талаптарына сәйкес камералар мен бейнекамералармен түсіру үшін кәсіби жарықтандыру құралдарын пайдаланған жағдайда немесе жолды жауып тастауды көздейтін арнайы жағдайда тиісті рұқсат қажет. Сондай-ақ, Мысырдың имиджіне нұқсан келтіретін бейнелерді немесе көріністерді түсіруге және таратпауға міндеттеледі сол елге барған саяхатшыларға.

0 пікір
Мұрағат