Мұсылман елі туристер көрсеткіші бойынша тарихи рекорд орнатты
Мұсылман елі туристер көрсеткіші бойынша тарихи рекорд орнатты
14 сағат бұрын 171 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: shutterstock.com. Автор: oneinchpunch

Малдив аралы биыл толағай табысқа кенелді: аталған шағын ел тарихында алғаш рет 2 млннан аса шетелдік турист қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал өткен жылы (2023 ж.) аталған архипелаг 1,8 млн мейманды қарсы алып еді. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 1,6 млн болды. Осылайша Малдив жыл сайын туристерді тарту бойынша көрсеткіштерін жағымды жағына жаңалап келеді. Малдив билігі бұл жетістікпен тоқмейілсіп қалмай, келер жылы (2025 ж.) туристер қарасын 2,2 млн-ға жеткізуді мақсат етіп отыр. Яғни, туристер санын 15%-ға арттыруды көздейді. Статситикалық дерек бойынша Малдивке келген туристер арасында қытайлар көш бастап тұр – 260 мың адамнан асады. Ал екінші орыннан ресейліктер көрінген – 220 мыңдай адам. Бүгінгі таңда Малдив аумағында 174 демалыс орны, 855 шағын қонақүй, 15 үлкен мейманхана жұмыс істейді. Малдив республикасы Азияның оңтүстігінде орын тепкен арал мемлекет. Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше ел. Тұрғындарының дені оңтүстік Азия мен мұсылмандар қарасы көп Таяу Шығыс аймағынан келгендер құрайды.

0 пікір
Мұрағат