Мұсылман елі Қытай үлгісіндегі дипломатияға көшеді
Мұсылман елі Қытай үлгісіндегі дипломатияға көшеді
7 ай бұрын 1066 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jesus Merida / Globallookpress.com

Оңтүстік шығыс Азиядағы мұсылман елі – Малайзия билігі «орангутан дипломатиясына» көшетінін жариялады: ел аумағында өндірілген палма майын сатып алған елдерге ғана хайуанаттар бағы үшін маймыл береді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің плантация және шикізат тауарлары министрі Жохар Әбдіғани мәлімдемесіне жөн сілтеген Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Малайзия палма майын қорғай алмайды (...) Біз әлемге Малайзияның тұрақты май пальма өндірушісі екенін және ормандарды қорғауға дайын екенін көрсетуіміз керек», - деді саясаткер. Мұндай айрықша шешімнің Малайзияның палма майын өндіру бойынша әлемде Индонезиядан кейінгі екінші орында тұрғандығымен байланысты қабылданғанын айта кетпекпіз. Палма майы өнеркәсібінің дамуы өз кезегінде жабайы жануарлардың тіршілік ететін ортасы - орман-тоғайдың оталуыа және орангутандардың мекендейтін ортасының жойылуына әкелуде. Аталған маймыл түрінің саны ел аумағында 2025 жылға қарай 47 мың басқа дейін азайып кетейін деп тұр. Осылайша ел билігі биологиялық әралуандылық пен жабайы табиғатты қорғау бағытында өз міндеттемелерін жүзеге асырмақ. Осындай ерекше тәсілмен. Малайлық маймылдарды Қытай, Үндістан және Еуроодақ елдері алағшқы болып алуы мүмкін. Осы орайда Малайзияның бұл тәсілді Қытайдың «Панда дипломатиясы» бойынша қолға алып отыр: Бейжің өз саясатына қырын қарамайтын елдерге бамбук аюын он жылға дейін жалға береді.

0 пікір
Мұрағат