Мұсылман елі осы заманғы әскери техника өндірісін қалай жаңғыртуда (видео)
Мұсылман елі осы заманғы әскери техника өндірісін қалай жаңғыртуда (видео)
6 жыл бұрын 3076 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысырдың қорғаныс министрлігі «Абрамс» танкісінің құрастырылып жатқан сәтін таспаға тартып алып, интернетке жүктепті. Әскери сарапшылардың айтуынша, аталмыш әскери ауыр техника батыс елдерінде шығарылатын танкіден артық болмаса, бір мысқал да кем соқпайды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 1984 жылы Мысыр билігі танк зауытының құрылысын жүргізу бойынша General Dynamics корпорациясымен келісім-шартқа отырған болатын. Warspot ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, 1988 жылдан 2017 жылға дейін зауыттан «Абрамс» 1100 танк құрастырылып шыққан. «Абрамс» танкісі – Мысыр әскеріндегі бронетехниканың негізгі түрі. Тағы бір айта кететіні, Мысырдың қорғаныс әскери саласына америкалықтар 1983 жылдан бері көмектесіп келеді: жыл сайын 1,3-1,4 млрд доллар мөлшерінде әскери жәрдем көрсетеді.

 

0 пікір
Мұрағат