|
Мұсылман елі өлім жазасынан бас тартады
|
алайзияның әділет министрі Уан Жүнейд Туанку Жапар елде өлім жазасы жойылатынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы CNN Indonesia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шыңыс Азиядағы аталған елдің әділет министрлігінің ресми мәлімдемесінде ең ауыр жаза сот шешімі бойынша өзге жазамен алмастырылады. Дәлірегі, Малайзияның министрлер кабинеті өлім жазасы қолданылатын 11 қылмыс үшін, соның ішінде адам өліміне апарып соқтыратын терроризм, есірткі саудасы, зорлау, т.б. баламалы жаза түрлері қарастырылатын болады. Осы орайда аталған мұсылман елінде өлім жазасына 2018 жылдан бері моратория енгізілгенін айта кетпекпіз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...