Мұсылман елі исламның «мемлекеттік дін» мәртебесін өзгертеді
Мұсылман елі исламның «мемлекеттік дін» мәртебесін өзгертеді
3 жыл бұрын 1670 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тунис президенті Кайс Саид шілде айының 25-і күні дауыс берілетін коонституцияның жаңа жобасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  aljazeera  телеарнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Елдің басты құжатында ислам мәртебесі өзгертіледі: «мемлекеттік дін» ұғымын «ұлт діні» термині алмастырады.Осы орайда аталған мемлекет басшысы: «Тунистің келесі конституциясында діні ислам болған мемлекет туралы емес, діні ислам болған үмбет туралы сөз қозғаймыз. Үммет (ұғым) мемлекеттен бөлек», деп мәлімдеді. Яғни, оның түсіндіруінше, ислам мемлекеттің діні емес, үмбеттің діні. Осылай деген ол бұл итерпретацияның макасид аш-шариа (шариғаттың мақсаты мен міндеттері) дактринасына сәйкес келетінін жеткізді. 2014 жылы қабылданған конституцияның біріні тарауында «Тунис ислам дінін ұстанатын азат, тәуелсіз әрі егеменді мемлекет», деп сипатталған. 2021 жылдың шлде айының 25-нен бастап Тунис президенті Заң шығару ассамблеясының жұмысын тоқтатып, алдымен премьер-министр Хишам әл-Мешишиді, содан кейін бірқатар министрлерді қызметінен босатты. Парламент спикері Рашид әл-Ганнуши басқаратын ислами «Ан-Нахда» партиясы Каис Саидты проблемаларды шешу үшін ұлттық диалогқа шақырды, бірақ, оның әрекетін конституцияға қайшы және мемлекеттік төңкеріспен пара-пар, деп атады. Каис Саид билікті сақтап қалу үшін құзыретін пайдаланып, 2022 жылдың наурыз айының 30-да парламентті таратқан болатын.

0 пікір
Мұрағат