|
Мұсылман елі де Марсқа қол созып отыр
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі ұлттық ғарыш агенттігін құратынын жария етті. БАӘ-нің Ұлттық ғарыш агенттігінің алғашқы жобасы: 2021 жылы Қызыл планетаға қонуы тиіс ғарыш аппаратын құрастырып, ұшырады Бұл жоба Парсы шығанағындағы араб мемлекетінің құрылғанына 50 жыл толуына орай қолға алынады. Дубай княздығының әміршісі әрі БАӘ вице-президенті, шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мақтұмның айтуынша, ғарышты игеру үшін 20 млрд дирхам (5,44 млрд доллар) қаржы жұмсалады. БАӘ билігінің топшылауынша, ғарыш аппараты жер планетасынан 60 млн шақырым қашық жатқан Марсқа 9 айдың ішінде жетеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті