Мұсылман елі бір жыныстылар қатынасына тыйым салатын әрі ең ауыр жаза қолданлатын заң жобасын қабылдады
Мұсылман елі бір жыныстылар қатынасына тыйым салатын әрі ең ауыр жаза қолданлатын заң жобасын қабылдады
8 ай бұрын 1056 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ирак парламенті бір жыныстылардың төсек қатынасы үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы қарастырылған заң жобасы қабылданды. Бұл арада жезөкшелікпен күрес жөніндегі заңға енгізілетін түзетулер турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы hromadske.ua ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяу шығыстағы аталған елдің бұл қадамы өз кезегінде адам құқығын желеу еткен батыс елдерінің наразылығын тудырып отыр. Аталмыш заң жобасында тек бір жыныстылар қатынасын дәріптеген насихат жүргізгендердің өзіне кем дегенде жеті жыл түрмеге қамау жазасы қарастырылған. Осы орайда Our World in Data (Деректердегі біздің әлем) деп аталатын, ауру, аштық, жаһандық жылыну, соғыстар, апаттар, әлеуметтік теңсіздік, кедейлік сияқты адамзаттың жаһандық проблемалары туралы мәліметтерді жариялайтын коммерциялық емес электрондық жоба мағлұматы бойынша әлемнің 60-тан аса елінде бір жыныстылар қатынасы қылмыстық жауапкершілік жүктелетін әрекетке жатқызылғанын айта кетпекпіз. 

0 пікір
Мұрағат