Мұсылман елі бет-жүзін татумен шимайлаған шетелдікті ел аумағына кіргізбеді
Мұсылман елі бет-жүзін татумен шимайлаған шетелдікті ел аумағына кіргізбеді
1 ай бұрын 492 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің кеденшілері әлем-жәлем сәндеген ресейлік азаматты ел аумағына жібермеді. Бұл жайында islam.kz порталы RUSSIAN EMIRATES ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Полина есімді Санкт-Петербор тұрғынын Дубайға ұшып келгенімен жүзіндегі пирсинг (жүзіне сырға тағу) мен тату (инемен піспектеп салынған сурет), сондай-ақ, шашын елдің назарын өзіне бірден аударатындай етіп боятқаны үшін әуежай қызметкерлері ұстады. Оны шекара бекетінде аттай 20 сағат сағат ұстап, ақырында елге жібермеді. Ресейлік туристің өзі БАӘ арқылы Африка елдеріне аттанбақ болғанын, алайда, аяқ астынан жоспарын өзгерткен мына жайттан кейін Оманға сапарлауға тура келгенін мәлімдеді. Бір қызығы, ресейлік саяхатшы Оманға сапарында ұшақ жерге қонбай тұрып, мойнындағы және бетіндегі татуды сықпамаймен көрінбейтіндей етіп сылап, басына орамал салып алды. Осыған байланысты еш кедергісіз шекарадан өтті. Осы орайда БАӘ-де тату мен пирсингке тікелей тыйым салатын ереже қабылданбағанын айты кетпекпіз. Соған қарамастан елдің моралдық құндылықтарына қайшы келетін кез келген әрекетке жол бермейді.

0 пікір
Мұрағат