Мұсылман елі аса маңызды жобадан неге бас тартты?
Мұсылман елі аса маңызды жобадан неге бас тартты?
6 жыл бұрын 2869 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммед қоршаған ортаға келтірер зияны мен адам денсаулығына және өміріне аса қауіптілігін ескере отырып, ел аумағында атом электр стансасын салудан бас тартты. Бұл жайында Star ақпарат көзі хабар таратты. "Адамдардың көбісі (елдегі) атом электр стансасының болғанын қалайды... Десе де мен атом энергиясына қарсымын, өйткені, ол радиация таратады",- деп мәлімдеді ол кеше энергетика жөніндегі жиында (CEPSI) сөйлеген сөзінде. Осылай дей келе ол аталмыш елдің түрлі-түсті теледидарды алғаш рет құрастыру кезінде радиоактивті материалдарды пайдалануда тәжірибесі барын еске салып өтті. Артынан түрлі-түсті теледидар құрастыратын компания барынша зиянсыз технологияға көшкен соң ел билігі одан қалған радиоактивті қалдықты көмуге мәжбүр болғанын жеткізді. Жасырын қауіп жердің астында. Ол атом электр стансасын салуды өзінің алдындағы биліктің ұйғарымы екенін айтып өтті. Малайзия билігі 2009 жылы 2020 жылға дейін елдің электр балансындағы өндірістің бір түрі ретінде өзінің ядролық энергетикасын қалыптастыруға ден қойған болатын. Кейін, яғни, 2030 жылға қарай ел аумағында үш АЭС жұмыс істеуі тиіс болатын. Жоспар бойынша. 

0 пікір
Мұрағат