Мұсылман елі әлемнің 33 мемлекетін балмен қамтамасыз етеді
|
2018 жылдың қаңтар-маусым айларында Түркия балды экспорттаудан 15,96 млн доллар табыс тапқан. Бұл жайында түріктердің "Анадолы" ақпарат агенттігі аталған елдің шығыс Қара теңіз аймағындағы экспорттаушылар одағына (DKİB) сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Яғни, биылдың алғашқы жарты жылдығында әлемнің 33 еліне 3706 тонна бал экспорттаған екен. Тарқатып айтқанда, өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда аталған мерзімде бал экспорты мөлшері 64 пайызға артқан. Түрік балын импорттайтын негізгі елдер: Германия (7,94 миллион долларға түрік балын импорттаған), АҚШ - 3,45 миллион доллар, Сауд Арабиясы - 936,3 миллион доллар. Осы аралықта Түркияның шығыс Қара теңіз аймағынан Саудияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Катарға экспорттаған балдан 146,12 мың доллар пайда түскен. Аталған елдерге Түркияның аталмыш аймағынан тұтастай алғанда 22 тонна бал экспортталған.