Мұсылман елдерін Арменияға байкот жариялауға шақырды
Мұсылман елдерін Арменияға байкот жариялауға шақырды
8 жыл бұрын 4237 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев мұсылман елдерін Армениямен экономикалық, мәдени, саяси байланысты үзілді-кесілді үзуге шақырды. Яғни, Арменияға байкот жариялауға үндеді. «Арменияны Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ислам ынтымақтастық ұйымы агрессор мемлекет ретінде мойындаған. Осынау халықаралық ұйымдардың қарары аталған мемлекетпен ынтымақтасқысы келетін мұсылмандарға ой салуы керек»,- деді ол «OIC Journal» мерзімді басылымына жарияланған мәлімдемесінде. Әзірбайжан президентінің айтуынша, Арменияның басқыншылық саясаты тек Әзірбайжанға ғана емес, сонымен қатар, ислам әлемінің тарихи-мәдени мұрасына да қауіп төндіріп тұр. «Арменияны Пәкістан мен Сауд Арабиясы мемлекет ретінде ресми түрде мойындаған жоқ. Ал Түркия Армениямен мүлдем байланыс орнатпаған мемлекет. Бұған қоса, Қожалы геноцидін бес мұсылман елі мойындап отыр»,- деп атап өттті ол. Тарихқа сәл шегініс: ежелден әзірбайжандар жері - Таулы Қарабақ үшін қарулы қақтығыс кезінде орын алған Қожалы қасіреті туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтыла қойған жоқ. Әзірбайжан мұсылман елі болғаны үшін. Кеңірек тоқталсақ, 1992 жылдың ақпан айының 25-нен 26-сына қараған түні армяндардың қарулы жасағы Қожалы қаласына басып кірген болатын. Осы шабуылдан жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапты, жарақат алды, хабар-ошарсыз кетті. 

Статья Ильхама Алиева для журнала ОИС.

0 пікір
Мұрағат