Мұсылман елдері арасында Малайзия «азаматтығы» ең сапалы деп танылды
Мұсылман елдері арасында Малайзия «азаматтығы» ең сапалы деп танылды
5 жыл бұрын 2659 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Henley & Partners халықаралық талдау компаниясы мен Нидерландыдағы ең ежелгі Гронинген университеті азаматтық рейтингісін жария етті. Аталмыш рейтингте Жапония мен Сингапур азаматтығы көш бастаған: аталған елдердің төлқұжаты әлемнің 190 еліне визасыз сапарлауға немесе саяхаттауға мүмкіндік береді. Одан кейінгі орынға Оңтүстік Корея, Германия және Финляндия жайғасқан – 188 ел. Ал мұсылман елдері арасында Малайзияның шоқтығы биік шыққан - жалпы рейтингте 12-ші орыннан көрінген. Бұл рейтингтің аутсайдері – Ауғанстан (107-шы орынды місе тұтқан), ауғандарды әлемнің тек 25 елі ғана визасыз қабылдай алады. Одан кейін Ирак (27 ел) пен Сирия (29 ел). Аталған рейтингті түзу барысында, сондай-ақ, сол елдің экономикалық қуаты, әлеуметтік жағдайы, білім мен ғылыми әлеуеті, халықтың өмір сүру сапасы, өмір сүру ұзақтығы, т.б. факторлар ескерілген.

0 пікір
Мұрағат