Мұсылман бойжеткен буддашылдардың киелі кітабын оқудан жүлделі орын алып таңқалдырды (видео)
Мұсылман бойжеткен буддашылдардың киелі кітабын оқудан жүлделі орын алып таңқалдырды (видео)
8 жыл бұрын 4135 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанда шариғат шәлісін жамылған мұсылман бойжеткен Бхагавадгитаны оқудан өткен қалалық байқауда топ жарып, жүлделі орынға ие болды. Жақшаның ішіне алып айта кету керек, Бхагавадгита – индустардың санксрит тілінде жазылған киелі кітабы. Тарқатып айтқанда, Үндістанның Уттар-Прадеш штатына қарасты Лакхнау қаласының мектеп оқушысы Африн Рауф есімді мұсылман бойжеткен Бхагавадгитаны нақышына келтіре мәнерлеп оқып, қазылар алқасын айран-асыр қалдырған. Айран-асыр қалдырмай қайтсін, ес білгеннен Бхагавадгитаны жаттап өскен, діншіл индус отбасынан шыққан бойжеткендердің өзін мұсылман бола тұра шаң қаптырып кетсе. Бұл жайында India Times ақпарат көзі хабар таратты. Мұсылман бойжеткен мұндай жетістікке жетуіне қасиетті Құранды мәнерлеп оқитын дағдысы көмектескенін жасырмады. Қасиетті құран оқу дағдысы буддашылдардың киелі кітабын оқудан өткен байқауда топ жарып, жүлделі орынға ие болуына көмектескен.

0 пікір
Мұрағат