Мұсылман баланы мазақтағаны үшін педагогтың жалақысын «кесіп» тастады
|
АҚШ-тың Флорида штатында француз тілінен сабақ беретін Мария Вальдез есімді педагог тегі ливандық әрі мароккалық 14 жастағы оқушыны бүкіл сынып оқушыларының көзінше мазақтағаны үшін бір апта жұмыссыз қалды әрі оның жалақысы «кесілетін» болды. Бұл жайында FoxNews ақпарат көзі хабар таратты. Ол мұсылман баласына: «Тәліп келді!» деп тіл тигізген. Мұнымен ғана шектелмей оқушыны «террорист» деп атаған екен. Оқушы мұғалімнің не дегенін түсінбеген, үйіне келген соң әкесінен мұғалімнің аузынан шыққан сөздердің мағынасын сұрамай ма, әкесі бірден мектеп әкімшілігіне мұғалімнің үстінен шағым түсірген. Ол шағымында француз тілінің оқытушысын жұмысстан қууды талап еткен екен. Алайда, мектеп әкімшілігі мұғалімді тек бір аптаға ғана жұмыстан шеттетіп, жалақысын қысқартумен ғана шектелген.