Мұсылман әйелі священникке қалай жауап қатты?
Мұсылман әйелі священникке қалай жауап қатты?
8 жыл бұрын 3545 Дамали Стеннетт

Лос-Анджелес мегаполисінде орын тепкен Калифорния университетіндегі антропология факультетінде білім алып жүрген Дамали Стеннетт есімді қара нәсілді студент шариғат шәлісін жамылғаны үшін өз туған қаласында исламофобтардың небір құқайын көріп келеді. Әсіресе, әлдебір священниктің дініне байланысты тіл тигізгені төзімін тауысты. Священник не деді оған? «Сен – жамансың, сенің құсағыңнан шығатынның бәрі де жаман, өйткені, сен мұсылмансың»,- деді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Daily Bruin» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Исламофобиялық жат әдетке бой алдырған қоғамда өзі азшылықты құрайтын мұсылмандардың ар-намысына тиетін, еттен өтіп, сүйекке жететін бұл сөзіне Дамали Стеннетт өзінше қайран қылып, қайрат танытты: ол өзі секілді алты мұсылман бойжеткендерімен «Хиджаб туралы монолог» деп аталатын театрлық шара ұйымдастырды өзі оқитын жоғарғы оқу орнында. Осылайша, исламофобтардың біржола құм құймаса да олардығ арынан басып, сәл де болса тойтарыс беруді көздеп отыр. Оларға болысып жүрген режиссер Мерима Тричич те осылай ойлайды. «Егер Google-де «мұсылман әйел» деген сөзі терсең, алғашқы 4-5 парағында темір тордың аржағында шымқай қара киініп, мұңайып тұрған әйелді көрер едіңіз»,- деді ол қынжыла тіл қатып.

0 пікір
Мұрағат